Бұқар
Жырау

(1693–1787 жж.)

әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз

Өмірбаяны

Toraighyrov University

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.

Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен.

1992 жылы Қазақстан Ғылым академиясы әдебиет және өнер институты жыраудың тұңғыш жинағын шығарды. Оны құрастырушы М. Жармұхамедұлы.

Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен саралаған М. Әуезов: «Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады», — дейді. Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7–8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше «Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек» — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2258

Асыл тегі

Toraighyrov University
Жабу

Асыл тегі

Toraighyrov University

Еңбектері

Toraighyrov University

Аңыз, әңгімелер

Толық нұсқасын сақтау

Өлең, толғаулары

Толық нұсқасын сақтау

Есімі - ел есінде

Toraighyrov University

Баянауыл. Ескерткіш

Toraighyrov University
Жабу

Баянауыл. Ескерткіш

1993 жылы Баянауыл ауылының орталығында қазақтың ақыны, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Бұқар жыраудың 325-жылдығына арналған ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Сәтбаев көшесінің бойында мәдениет үйінің алдында орналасқан.

Toraighyrov University

Қарағанды. Ескерткіш

Toraighyrov University
Жабу

Қарағанды. Ескерткіш

Қарағанды. 1 шілде. Қарағандыда Бұқар жырау ескерткішінің ашылу рәсіміне өтті. Бұқар жырау ескерткішінің авторы - Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, мүсінші - Жеңіс Молдабаев. Ескерткіш Қазақстан суретшілері одағының Қарағанды облыстық ұйымының көркем өндірістік комбинатында жасалған. Ол қоладан құйылған. Оның биіктігі - 4,2 метр, салмағы - 3,4 тонна.

Toraighyrov University

Көшелер

Toraighyrov University
Жабу

Көшелер

Бұқар жырау есімі берілген көшелері бар Қазақстанның облыстары:

1. Алматы қаласы

2. Қарағанды облысы – Қарағанды қаласы

3. Қарағанды облысы – Бұқар-Жырау ауданы Ботақара ауылы

4. Павлодар облысы – Екібастұз қаласы

Toraighyrov University

Бұқар жырау ауданы

Toraighyrov University
Жабу

Бұқар жырау ауданы

Бұқар жырау ауданы - Қарағанды облысы. Бұқар жырау ауданы - Қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі Бұқар жыраудың есімін иеленген аудан 1928 жылы негізі қаланған Тельман және 1938 жылы ашылған Ульянов аудандарының бірігуі нәтижесінде 1997 жылдың 23 мамырында құрылды. Ауданның орталығы - Ботақара поселкесі (Бұрынғы Ульянов поселкесі).

Аудан аумағы 14,6 мың шаршы километрге тең. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 60,7 мың адамды құрады. Ауданда 27 ауылдық әкімшілік, 74 ауылдық елді мекен, 3 кент бар.

Toraighyrov University

Пошталық марка

Toraighyrov University
Жабу

Көше атауының өзгертілуі

1993 жылы 18 тамыз айында Бұқар жырауға арналған Қазақстанның пошталық маркасы шығарылды. Безендіруші Т.Ниттнер. Офсет талшықпен борланған қағаз. Көп түсті боз. Кертпелері: 13,75:13. Өлшемі: 40х26. Парақта 5х10=50 марка.

Toraighyrov University

Мұражай

Toraighyrov University
Жабу

Мұражай

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайының негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды. Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 071 жуығы түпнүсқа болып есептеледі. Мұражайдың орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Оның іші шамамен бес жүз шаршы метрдей. Осыдан 267 шаршы экспозицияға пайдаланылуда.

Toraighyrov University

Бұқар жырау кесенесі

Toraighyrov University
Жабу

Бұқар жырау кесенесі

Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Кесененің ашылу салтанаты көне Далба тауы етегіндегі шалқар тойға ұласты.

Toraighyrov University

Кітапхана

Toraighyrov University
Жабу

Кітапхана

Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхана Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында орналасқан. Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхана Шахтинск қаласының басты өкілдік кітап қоймасы, тұрғындарға қызмет көрсететін анықтамалық-библиографиялық және әдістемелік орталық болып табылады.

Toraighyrov University

Лицей-интернат

Toraighyrov University
Жабу

Лицей-интернат

Дарынды балаларға арналған Бұқар жырау атындағы қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты. Қарағанды қаласы, Актюбинская көшесі, 1а-үй

Toraighyrov University

Фотомұрағат

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Toraighyrov University
Жабу

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Toraighyrov University

«Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер

Toraighyrov University
Жабу

«Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер

Toraighyrov University

Ескерткіш. Қарағанды қаласы

Toraighyrov University
Жабу

Ескерткіш. Қарағанды қаласы

Toraighyrov University

Ескерткіш

Toraighyrov University
Жабу

Ескерткіш

Toraighyrov University

Бұқар жырау Қалқаманұлы кесенесі

Toraighyrov University
Жабу

Бұқар жырау Қалқаманұлы кесенесі

Toraighyrov University

Пошталық марка

Toraighyrov University
Жабу

Пошталық марка

Toraighyrov University

Бейне

Бейне 1

Toraighyrov University
Жабу

Бейне 1

Бұқар жырау

Көкте бұлт сөгілсе,

Көктеп болмас не пайда?

Көкіректен жан шықса,

Қайтып келмес не пайда?

Қыздық қылық болмаса,

Құр шырайдан не пайда?

Бұқар жырау - қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ-бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл. 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі – Арғын тайпасының Қаржас руынан. Әкесі Қалқаман өз кезеңінде еліне батырлығымен белгілі болған, аты аңызға айналған тұлға. Бұқар жыраудың сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөздер төгіледі екен. Осыған қарап, заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деп атаған. Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Оның ойы – аспаннан биік, сезімі - теңізден терең. Ол қарсылық күресі, текетірес құбылысы көп дүниеден тиянақ табуға баулиды. Басу айтып, сабаңа түсіреді. Аласұрған көңіл, арпалысқан сезімді ауыздықтаудың сиқырын, сырын жеткізеді. Пенделіктен жоғары тұрар қасиеттерді сақта дейді. Жыраудың толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл, афоризм көмбесі. Бұқар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.

Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де –

Қызыққа тоймас адамзат!

http://caspionet.kz/kaz/makalmaiek/archive/Bukar_zhirau_1336574960.html

Бейне 2

Toraighyrov University
Жабу

Бейне 2

Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына 20 жыл

Ертіс өңіріндегі Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы осыдан 20 жыл бұрын 22 наурызда өз келушілеріне есігін айқара ашқан болатын.

1992 жылы мәдниет ошағында санаулы ғана жәдігерлер болса, қазір қорда көрнекті мәдениет қайраткерлерінің 45 мыңнан аса құнды қолжазбасы, кітаптары мен жеке заттары сақталған. Мұражай ғимараты Қазақстанның ағаштан жасалған ең әсем ғимараты деп танылған. 18 ғасырдың ойшылы, атақты Абылай ханның кеңесшісі болған Бұхар жыраудың атымен аталған мұражайдың Ұлыстың ұлы күні ашылғанының өзі үлкен мағынаға ие, - дейді мұражай қызметкерлері. Бірін бірі толықтырып тұрған екі ұғым мұражайдың да салмағын арттырып тұрғандай. Мұражай қызметкерлерінің бірі Алмас өзінің бұл жерге оқушы кезінде келгенін айтады. Ол атақты адамдардың музыкалық аспаптарында ойнауды армандаған. Қазір Кәукен Кенжетаевтың жеке домбырасын баға жетпес жәдігер санайды. Драматург Жүсіпбек Аймауытов, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров, әнші Майра Шамсутдинова, жауынгер-жазушылар Всеволод Иванов пен Мұзафар Әлімбаев. Бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады. Құнды мәліметтер жинау үшін мұражай қызметкерлері жиі жиі іссапарға шығып тұрады. Көршілес Ресей жеріне барған кездер де болған. Осындай сапарларда тапқан материалдар әдебиетшілер Қадыр Тайшықов пен Қошмұхамбет Кемеңгеровтың атын жалпыға танытты. Екі қаламгер де репрессия жылдары атылып кеткен. Ал олардың еңбектері ұмытылып қалған. Баянауыл өлкесінің мәдени өмірінен сыр шертетін мұражайдың жәдігерлері қайта қалпына келтіруді қажет етеді, - дейді, өнертанушылар. Келер ұрпаққа да қызмет ететін мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау әр азаматтың борышы болса керек.

http://caspionet.kz/kaz/general/Pavlodardagi_Bukar_zhirau_atindagi_adebiet_zhane_oner_murazhajina_20_zhil.html